Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына арналған «Қызғалдақ ғұмыр – Әлия» атты ауызша журнал өтті.
Оқырмандар ауызша журналдың бірінші бөлімі — «Әлия ерлігі – өшпес тарих» тақырыбында батыр қыздың өмір жолымен танысты. Ел басына күн туған қиын-қыстау кезеңде Әлияның ерлігі, табандылығы мен Отанға деген шексіз сүйіспеншілігі туралы мазмұнды әңгіме өрбіді.
Журналдың екінші бөлімі — «Батыр қызға тағзым» атауымен жалғасын тауып, онда Әлия Молдағұлованың құрметіне орнатылған ескерткіштер мен оның есімі берілген көшелер туралы айтылды. Сонымен қатар, Қазанғап атындағы өнер мектебінің оқушылары «Әлия – Батыр қызы, сен халқымның» атты әдеби монтажын ұсынды.
«Қызғалдақ ғұмыр – Әлия» бөлімінде шара қонағы — Ақтөбе облыстық мемориалды музейінің қызметкері Сәулеш Базарбайқызы Әлия музейіндегі құнды жәдігерлер, архив материалдары мен іздеу жұмыстары туралы айтып, қатысушыларға музейге виртуалды шолу жасады.
Сондай-ақ, оқырмандар назарына «Әлия – Батыр қызы, сен халқымның» атты кітап көрмесі ұсынылды.