Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінде «Мұқағали- мәңгілік ғұмыр» атты әдеби кеш өтті.
Оқырмандарға қазақ поэзиясының жарық жұлдызы, ұлттық әдебиетіміздің асыл қазынасына айналған қайталанбас тұлғаның өмірі мен шығармашылығынан қызықты, естелік мәліметтер берілді. Әдеби кеште халқының жүрегінен орын алған өлеңдері оқылып, оның сөзіне жазылған әндер тыңдалды. Сондай-ақ өнерпаз оқушылар күй тартып, «Құпия хат», «Суретті жыр» , «Тұлғалар», «Бұл қай кітап?» атты әдеби ойындар ойнады, «Мұқағали – мәңгілік жыр» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
