Skip to content

Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі инвестициялық саясатының тұжырымдамасын іске асыру…

Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі инвестициялық саясатының тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы кәсіпкерлік басқармасымен, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен және кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, 2025–2027 жылдарға арналған инвестицияларды тарту жөніндегі кешенді жоспар әзірледі. Бұл жоспар экономиканың басым секторларына тікелей инвестицияларды ұлғайтуға, бизнес-ортаны жақсартуға және өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған.

Ақтөбе облысының экономика салаларында 13 мыңнан астам жұмыс орнын ұсынатын, инвестиция көлемі 3,3 трлн теңгені құрайтын 74 инвестициялық жоба іске асырылуда.

2025 жылы облыс аумағында инвестиция көлемі 491 млрд теңгені құрайтын 10 инвестициялық жобаны (тау-кен өнеркәсібі – 2, өңдеу өнеркәсібі – 6, ауыл шаруашылығы – 1, энергетика – 1) іске асыру жоспарлануда. Бұл жобаларды іске қосу 1,2 мыңға жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *