Skip to content

Қазақстан – өңірдегі инвестиция тарту бойынша көшбасшы Соңғы жылдары Қазақстан…

Қазақстан – өңірдегі инвестиция тарту бойынша көшбасшы

Соңғы жылдары Қазақстан шетелдік инвестицияларды тарту бағытында айтарлықтай табыстарға қол жеткізіп, елдің халықаралық аренадағы позициясын нығайтуда. Инвестициялық қолайлы ахуалды қалыптастыру және ірі халықаралық жобаларды іске асыру – мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі. Қабылданған шаралар инфрақұрылымды дамытуға, стратегиялық экономикалық салаларды қолдауға және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында елдің экономикалық дамуы үшін инвестициялар тартудың маңыздылығын атап өтті: «Дүние жүзінде инвестицияға талас өршіп тұрған кезде елге қаржы тарту үшін «дәл осы жерде және дәл қазір» қағидасы бойынша шешім қабылдау – ең қажет шара».

ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша 2024 жылдың тоғыз айында тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) жалпы ағыны 12,7 млрд АҚШ долларын құрады. Сонымен қатар БҰҰ Азия мен Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссияның (UN ESCAP) мәліметтері бойынша 2024 жылы Қазақстанда 15,7 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі жаңа жобаларға инвестиция тартылып, 2023 жылмен салыстырғанда 88%-ға өсті. Бұл Солтүстік және Орталық Азия өңіріндегі барлық инвестициялардың 63%-ын құрайды.

2024 жылы шетелдік инвесторлар жалпы құны 1,3 млрд АҚШ долларын құрайтын 45 жобаны жүзеге асырды, бұл 6 мыңнан астам жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді.

Ақтөбе облысында инвестиция тарту қарқынын күшейту мақсатында индустриялық-инновациялық даму басқармасымен жүйелі жұмыстар атқарылуда.

2024 жылдың қорытындысы бойынша облыс экономикасына 901,1 млрд теңге инвестиция тартылды. өнеркәсіптің нақты көлем индексі 104,5% немесе 2,6 трлн теңгені құрады. Осылайша өнеркәсіп өнімі көлемінің өсуіне қол жеткізілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *