Skip to content

“Қазақстан балалары” тұжырымдамасы аясында «Бал бала» бөбекжай-балабақшасында «Күлімшар» тобының балаларымен…

"Қазақстан балалары" тұжырымдамасы аясында «Бал бала» бөбекжай-балабақшасында «Күлімшар» тобының балаларымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бала бақыт, бала шаттық, бала нұр» атты қонақжай сағаты өтті. Шара барысында балақайлар ойын ойнап, ән айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттырды.
«Жемістер», «Биле, биле» , «Зиянды- зиянсыз» ойындарын ойнап түстерді ажырата отырып, тағамдарды пайдалы, пайдалы емес деп бөліп өздерінің зеректіктері мен алғырттықтарын көрсетті. Балалар өздерінің мереке қарсаңында дайындаған тақпақтарын айтты. «Біз бақытты баламыз», «Кітапхана» әндерін шырқады.
Кішкентай оқырмандарға «Кішкентайлар мен ақылдылар» атты кітап көрмесі таныстырылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *