«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ашық аспан астында «Жарқыра, балапан!» мерекелік шарасы өтті. Бұл күн — әлемнің барлық балаларына қуаныш пен шаттық сыйлауға бағытталған ерекше мереке.
Балаларға қуаныш сыйлау, олардың қабілеттерін дамытуға жол ашу және қоғам назарын балалық шақтың маңыздылығына аудару мақсатында ұйымдастырылған шараға Афро-бразилиялық спорт үйірмесінің жаттықтырушысы Ерлан Білісбаев пен командасы, халықтық ұжым «Сұңқар» вокалдық ансамблінің орындаушылары Кашымова Аделья мен Абдрахманова Сабина,№30 мектептің өнерлі оқушысы Ахметжанов Бақытжан және басқа да белсенді оқырмандарымыз қатысты.
Балалар ән айтып, би билеп, өлең оқыды. Шара соңында қатысушы балаларға мақтау қағаздары табысталды.
Ата-аналар балалардың қуанышына ортақтасып, балалықтың жарқын сәттеріне куә болды. Бұл күні тек балалар ғана емес, үлкендер де шаттанып, көтеріңкі көңіл-күйде болды.
Осындай іс-шаралар арқылы біз балаларға тек мерекелік көңіл-күй ғана емес, сонымен қатар мейірім мен қамқорлықтың бар екенін ұғындырамыз. Себебі, бүгінгі бала — ертеңгі ел болашағы!