Халықаралық қарттар күніне орай «Құрмет пен ізет құшағында» әдеби-музыкалық кеш өткізілді.
Раиса Төленқызы, Айнагүл Жәкешқызы, Жансұлу Сұлтанқызы, Бауыржан Мырзахметұлы, Лида Батырбекқызы, Альфия Зинатуловна, Нәзира Ідірісқызы, Роман Рақиұлы қатысып, ізгі лебіздерін айтып, ризашылықтарын білдірді.
Кітапхананың өнерлі оқырмандары «Қарттарын құрметтеген ел ардақты» әдеби-сазды бағдарламасын ұсынып, ән шырқап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының «Дара» театр үйірмесінің мүшелері Т.Ахтановтың «Әке мен бала» пьесасынан сахналық қойылым көрсетті.