Халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің туғанына 165 жыл толуына арналған «Көңілдің қазына жиһазы, жинаған асыл затым бар» әдеби керуенін өткізді.
Шараға ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, академик Нұрлыбек Қалауов, Н.Байғаниннің келіні Манар Байғанина және немересі Гүлмира Момынқызы, "Асау-Барақ" батыр күйінің авторы, Құрманғазы жəне Қазанғап атындағы республикалық күйшілер сайысының жүлдегері "Алтын домбыра" сыйлығының иегері Жайлау Асылханов қатысты.
Шарада Нұрпейіс атамыздың өмірі мен мәңгі өлмес мол мұрасы жайлы терең әңгіме қозғалып, «Ер Едіге» жыр-терме мектебінің өнерпаздары жырларын төксе, «Оқы! Таны! Талқыла!» кітапқұмарлар алаңының мүшелері ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып, оқырмандарды патриоттыққа, бірлікке үндеді.
Ақынның шығармашылығына арналған «Жырлары өнеге, есімі ардақты» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
Прошел литературный караван «Көңілдің қазына жиһазы, жинаған асыл затым бар», посвященный 165-летию со дня рождения народного поэта Нурпеиса Байганина.
В мероприятии приняли участие поэт, член Союза писателей РК, академик Нурлыбек Калауов, невестка Нурпеиса Байганина Манар Байганина, внучка Гульмира Момынкызы, автор кюя «Асау-Барак» батыр, лауреат республиканских конкурсов кюйши имени Курмангазы и Казангапа, лауреат премии «Золотая домбра» Жайлау Асылханов.
А также известные в регионе представители интеллигенции.
Участники мероприятия встретились в тёплой атмосфере, где состоялась содержательная дискуссия о жизни, творчестве и бессмертном наследии народного акына. Талантливые участники школы жыршы-сказителей «Ер Едіге» исполнили жырау акына, а участники площадки книголюбов библиотеки «Оқы! Таны! Талқыла!» продекламировали стихи поэта, призывая читателей к патриотизму и единству.
Проведен библиографический обзор книжной выставки по творчеству поэта «Жырлары өнеге, есімі ардақты».










