Ғ.Ақтаев атындағы мектеп гимназиясында Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Қазақтың қайсар ұлы» патриоттық кеш ұйымдастырылды.
Шара барысында халық қаһарманы С.Нұрмағамбетовтың өмірбаяны, ерлігі мен жанқиярлық қызметі туралы терең айтылды.
Жеңіс, Отан туралы патриоттық өлеңдер оқылып, Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйінің оқушысы Дәулет Әлемби «Егемен ел Қазақстан» атты әнімен шараны аяқтады.
Оқырмандар назарына «Ерлік даңқы ешқашанда өшпейді» кітап көрмесі ұсынылды.