Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында 7 класс оқушыларымен «Рухы мықты қаламгер» атты шара өтті.
Шара барысында Сара Мыңжасарованың өмірбаяны және ұлттық құндылықтар насихатталып, жастарға өнеге көрсету мақсатында жазылған шығармашылығы мен қайраткерлік тұлғасы туралы терең айтылды. Оқырмандар назарына «Рухы мықта қаламгер» атты кітап көрмесі ұсынылды.
Оқырмандар жазушының шығармалары туралы пікір алмасып, талдау жасады. Тақырыпқа сай сұрақ-жауап ойындары ойнатылып, өзара сайысқа түсті.