Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназияның 4 класс оқушыларына «Атадан қалған ғибрат» жобасы аясында «Өзің оқы, өзгеге ұсын!» дауыстап оқу шарасын өткізді.Шараның мақсаты кітап оқуды насихаттау, оқыған кітабы туралы өзгелермен бөлісу. Шара барысында балалар Ыбырай Алтынсариннің «Асыл шөп», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімелерін дауыстап оқып, түсінгендерімен бөлісті. «Тұлғаны таны», «Мақал – сөздің мәйегі» атты ойындары арқылы білгендерін ортаға салып, сұрақтарға жарыса жауап берді.
«Кітаппен бірге өсеміз» кітап көрмесіне шолу жасалды.
@aqtobe.madeniet
@6_mektep_gimnaziyasy
