Ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастауы, ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына арналған «Жаса, Наурыз, Дәстүрлі!» атты әдеби қонақжай өтті. Қазақтың ертеден бастау алып келе жатқан салт- дәстүрлері, ұлттық ойындары, әртүрлі дақылдармен бай ұлттық тағамдары ұсынылды.
Оқырмандар ұмытылып бара жатқан әдет- ғұрыптар түрлерімен танысып, ұлттық тағамдарды атап көрсетіп, бір біріне жылы тілек, лебіздерін білдірді. М. Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі оқушылары қатысып, ұлттық ойындар ойнады.
Салт- дәстүрлеріміз туралы ақпарат беріліп,ертеден келе жатқан «бесікке салу» дәстүрі көрсетілді.
Оқырмандар назарына «Салт дәстүр- тұнық бастау» кітап көрмесі ұсынылды.
#ақтөбенаурызнама
