Еңбек күні мерекесіне арналған «Жастық! Жігер! Еңбек!» атты кітапхана ардагерлерімен, кітапхана мамандарымен кездесу кеші өткізілді.
Сырлы сұқбатқа толы болған әсерлі шарада болашақ кітапханашылар кітапхана мамандығының қыр-сырына қанықты.
Кітапхана ардагерлері Р.Т.Қомпақова, А.Ж.Кимағамбетова, Г.Қ.Оразмағанбетова қоғамда елене бермейтін қарапайым кітапханашы мамандығын ұлықтап, мақтанатынын, адал еңбек еткеннің өмірі-ғибрат екенін жеткізіп, тәжірибелерімен бөлісті.
Білікті ізденімпаз жастарымыз да өздерінің кітапхана ісіне өз үлестерін қосатындарын айтып, үлкендерге ән-жырларымен құрмет көрсетті