Қеңес Оразбекұлы Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың Шым-Шытырық Хикаялары.

Қеңес Оразбекұлы

Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың Шым-Шытырық Хикаялары.

Әзіл-күлкілі сериялы ертегі. / – Алматы: «Орхон» Баспа үйі. – 2022. – 104 бет.

            Халық ауыз әдебиетінде «Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұт» атты алақандай шағын ертегі бар екенін жақсы білесіздер. Ертегіде ерекше жаратылған үш кейіпкер түнде ұрлыққа шығады да, біреуінің – басы, екіншісінің кеңірдегі жарылып, үшіншісінің аяғы сынып, өліп қалады. Неге екенін, басталмай жатып аяқталатын бұл ертегіні балалар жақсы көреді, кейіпкерлерінің сүретін салуға құмар...

            Сіздерге сүйіншілеп айтатын жайымыз, қолдарыңыздағы бұл кітап балаларды сол сүйікті кейіпкерлерімен қайта табысталғалы отыр. Яғни, автор әлгі ертегінің үш кейіпкерін жаңа сапада қайта тірілтіп, қызықты да күлдіргі хикаятқа айналдырыпты.

            Тілі жеңіл әрі жатық, халық аузындағы сирек кездесетін мың иірімді қанатты сөздер мен сөз тіркестерін молынан қамтыған, оқырманын үлкен, кіші демей баурап алатын шым-шытырық оқиғалы мазмұнды шығарма.