Skip to content

«CAMPIT» балалар демалыс лагерінде «Оқитын дос іздеймін!» оқу жобасы аясындағы…

«CAMPIT» балалар демалыс лагерінде «Оқитын дос іздеймін!» оқу жобасы аясындағы жазғы жұмыстарын жалғастырды.
Жобаның мақсаты – балалардың оқу мәдениетін, кітапхананың ақпараттық-көпшілік жұмыстарының белсенділігін арттыру, адамгершілік, рухани, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.
Лагерь демалушыларына жаңа әдебиеттер таныстырылып, «Дұрыс жауабын тап?», «Тұлғалар», «Ертегі атауын тап?» ойындары ұйымдастырылды. Поэзия сүйетіндер ақындарымыздың жырларын оқыса, өнерлі оқырманымыз Мадина Маратова домбырамен күйін төкті.
Шара соңында кітапханаға жазылу ережесі түсіндірілді, сонымен қатар балалар да өз пікірлерімен бөлісті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *