Skip to content

Бүгін ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Ұлы тұлғаның…

Бүгін ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.
Ұлы тұлғаның 150 жылдығына орай М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында «Ақынның азаматтық үні» атты әдеби сағат өткізді.
Шара барысында қазақ халқының саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани өмірінен айрықша орын алған тұғырлы тұлғаның өмірі мен өлшеусіз еңбегі жайында айтылып, қазақ руханиятына қосқан үлесі туралы мәлімет берілді.
«Даланың дархан данасы» атты кітап көрмесі жасақталып, ұлағатты тұлғаның білімге, мәдениетке шақырған ойлы шығармалары оқырмандар назарына ұсынылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *