Бүгін кітапханамызда «Жидек» балабақшасының кішкентай бүлдіршіндері үшін экскурсия өтті. Олар жаңа панорамдық кітаптар, қазақ халық ертегілері, «Пішіндер», «Түстер», «Цифрлар» шағын кітаптармен, «Аюка», «Балаби», «Балдырған» және тағы да басқа журналдармен танысты. Көңілді Көпбілгішпен бірге кішкентай оқырмандарымыз ертегі кейіпкерлерін танып, тақпақ айтып, үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажырата білді. Экскурсиядан бөлек, балалар «Ақтөбе» телеарнасына сұхбат беріп, кітапмен дос екендіктерін және кітапханаға анасымен, әжесімен келгенді ұнататынын жеткізді.
Сегодня в нашей библиотеке прошла экскурсия для маленьких ребят из детского сада «Жидек». Для них были представлены новинки книг панорамные книги, казахские народные сказки, развивающие маленькие книжки «Пішіндер», «Түстер», «Цифрлар», журналы «Аюка», «Балаби», «Балдырған» и другие. Вместе с веселым клоуном Көпбілгіш наши маленькие читатели узнавали главных героев сказок, рассказали стихотворения, сумели различить домашних и диких животных. Кроме экскурсии, девчонки и мальчишки смогли дать интервью телеканалу «Актобе» и поделились тем, что они являются нашими читателями, любят приходить в нашу библиотеку вместе с мамой, бабушкой.