Бүгін кітапханаға №45 жалпы білім беретін орта мектептің 5 класс оқушылары келді. Олар кітапхана ережелерімен танысып, «Кел танысайық, бұл…» сериясымен шыққан «Өнертабыстар», «Жұлдыздар және ғаламшарлар», «Теңіз», «1100 қызықты дерек» энциклопедияларын оқып, қоршаған ғажайып әлем туралы өз білімдерін толықтыра түсті.
«Қызықты полиглоттың» ойындарына қатысып, «Ой ашардың» викториналық сұрақтарына жауап берді.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тұғыры биік тәуелсіздік» кітап көрмесімен танысып, Бауыржан Жақыптың «Менің далам», Сұлтан Калиұлының «Менің елім», Айтан Нүсіпханның «Тәуелсіздік бар арман» өлеңдерін оқыды.
3 ноября 2021года библиотеку посетили учащиеся 5 класса средней школы №45 г.Актобе.
Они ознакомились с Правилами пользования библиотекой и с книгами серии «Кел танысайық, бұл…» .
Приняли активное участие в викторине «Ой ашар» и в игре «Қызықты полиглот».
Для юных читателей был проведен обзор книжной выставки, посвященной 30-летию со Дня Независимости РК.
#Qazaqstan30 #MeninQazaqstanym