Skip to content

Бүгін кітапхана Жастар күніне орай Абай гүлзарында «Жас мұраты –…

Бүгін кітапхана Жастар күніне орай Абай гүлзарында «Жас мұраты – білім, тәлім-талабы – өнер, оқу – жастықтың қару-жарағы» атты сұхбат-кешін өткізді. Еліміздің келешегі жастардың әлеуметтік келбеттерін бағдарлап, ой-пікірлерін саралау мақсатында ұйымдастырылған шарада еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында екендігі айтылды.
Қоғамның қозғаушы күші болып табылатын жастар «Жетістікке жету жолында адам бойында қандай қасиет болу керек?», «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» дегенді қалай түсінесіз?, «Қоғамымызда белсенді жастар көп пе, әлде енжар жалқау жастар көп пе?», «Қоғам дамуы үшін қандай жат қасиеттен арылуымыз керек? деген сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын айтты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *