Бүгін «Кітапхана мен оқырман: бірлігіміз жарасқан» ашық есік күнінде №31 қазақ орта мектебінің 2 класс оқушылары келді. Оқушылар «Оқимыз. Ойлаймыз. Армандаймыз» тақырыбында үш тілде жасақталған кітап көрмесімен танысты. «Бірінші әріп», «Мен не көріп тұрмын» ойынының сауалдарына жауап беріп, өздері оқыған ертегі кейіпкерлерінің бейнелерін ашты. Республикалық балаларға арналған «Айгөлек» журналындағы логикалық тапсырмалар мен сөзжұмбақтардың кілтін тауып, «Сиқырлы әлемнің» «Боямақ» айдарындағы суреттерді түрлі түсті қарындашпен бояды.
Балалар кітапханадан ерекше, қызықты әсер алып, тағы да келіп тұруға ниет білдірді.
Сегодня в дни открытых дверей «Кітапхана мен оқырман: бірлігіміз жарасқан» нашу библиотеку посетили учащиеся 2 класса средней школы №31. Маленькие читатели познакомились с книжной выставкой на трех языках «Оқимыз. Ойлаймыз. Армандаймыз». Играли в «Бірінші әріп», «Мен не көріп тұрмын», рассказали о своих любимых книжных героях. Вместе с республиканским журналом «Айгөлек» выполняли задания на логику, разгадывали ребусы и кроссворды. Раскрашивали героев «Сиқырлы әлемнің» и «Боямақ» разноцветными карандашами. Будущие читатели остались в восторге и пообещали прийти еще к нам.