Бүгін Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, халық жазушысы, балалар ақыны Қадыр Мырза Әлидің 90 жылдық мерейтойына арналған «Танымы терең, таңдауы ерен – ақын» викторина өтті. Оқырмандарға бала ойымен, қиялымен өлең жазған талантты балалар ақыны Қадыр Мырза Әлидің балалық шағы, өмір жолы, шығармашылық қызметі жайында ақпарат берілді.
«Өлең сөздің зергері-Қадыр ақын» әдеби-монтажында Ғ.Ақтаев атындағы № 6 мектеп- гимназиясының 4 класс оқушылары ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды. №2 мектеп – гимназиясының оқушысы Жеңісбек Арайлым «Асыл әжем», №6 Ғ.Ақтаев атындағы мектеп-гиназияның оқушысы Бақтыгерей Аяулым «Жалқаубек» әндерін орындады.
Ақынның қаламынан туған ертегілер мен балладалар, мысалдар мен мазақтамалар, жаңылтпаштар мен жұмбақтар, санамақтар қазақ балалар әдебиетіне қосқан ерекше үлесі еді. «Тапқыр болсаң шешіп көр…» бөлімінде жұмбақтар шешіп, жаңылтпаштар айтудан жалықпады.
Шара соңында рухты оятып, жігер-күш беретін ақынның сөзіне жазылған «Атамекен» әнін хормен шырқады. «Балалар әдебиетінің бәтерегі» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
