Skip to content

📚Бүгін – балалар жазушысы, ақын Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл.Соған…

📚Бүгін – балалар жазушысы, ақын Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл.Соған орай кітапханада «Менің атым – Қожа» шығармасы бойынша «Қожа және оның достары» атты квиз өткізілді.
Шараға М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының 5 класс оқушылары қатысты.
Квизде шығарманың бас кейіпкері Қожаның сан алуан сезімдерін білдіретін үзінділер талданды. Ойын әйгілі «Ойжұмбақ» мултьфилміндегі адам бойындағы қуаныш, ашу, ұялу, қайғы, жиіркеніш сияқты сезімдер тартысы мысалға алынып, қатысушылар шығарманың басты кейіпкері Қожа қандай сезімдерді басынан кешірді және оларды қалайша жеткізгені туралы мысалдар келтірді. Ойын балаларға әртүрлі көңіл-күй сыйлап, Қожаның әрекеттері туралы талқыға салды.
«Балалар әдебиетінің бәйтерегі» кітап көрмесі ұсынылып, онда Б.Соқпақбаевтың ең алғашқы туындысының бірі «Бұлақ» атты жыр жинағына енген өлеңдерінің «Балдырған» журналындағы жарияланымдары қойылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *