Бүгін балалар кітапханасы балаларды кітап оқуға тарту және қызығушылығын арттыру мақсатымен «Бал-бала» балабақшасының кішкентай оқымандарына қонаққа барды. Балаларға кітапхана жайлы тартымды да қызықты әңгімелер айтылды, «Қызыл телпек» ертегісі дауыстап оқылды. Көз тартарлық қызықты да заманауи ертегі кітаптары, панорамалық кітаптар таныстырылды.
