Бүгін Ақтөбе педагогикалық колледжі жанындағы «Зерде» жеке мектебінің 2-3 класс оқушылары біздің кітапханаға экскурсия жасады. Экскурсия барысында оқушыларға кітапханада кітаптарды қалай пайдалану керектігі туралы ереже түсіндірілді. Балалар сан алуан тақырыптарды қамтитын энциклопедиялар және көркем суретті, әлем ғажайыптары туралы танымдық кітаптармен танысты.
«Книга-путешествие Казахстана» кітабы арқылы тәуелсіз Қазақстанның тарихына шолу жасап, географиялық орналасуы, тамаша табиғаты туралы мәліметтер білді.
Учащиеся 2-3 класса частной школы «Зерде» при Актюбинском педагогическом колледже сегодня посетили нашу библиотеку, где для них была представлена книжная выставка, посвященная Дню Независимости Республики Казахстан. В «Книге-путешествие Казахстана» будущие читатели узнали о географии нашей страны, о природе, о животных, которые обитают в стране.
В ходе экскурсии ребята познакомились с правилами пользования библиотекой, энциклопедиями, рассказами для девочек и мальчишек.