Бүгін №50 орта мектебінің жазғы лагерінің балалары Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында қонақ болды. Балалар кітапханаға келіп түскен жаңа кітаптар мен балаларға арналған журналдармен танысты. Жас оқырмандар «Айгөлек», «Балдырған», «Бала би», «Балбұлақ» мерзімді басылымдарға қызығушылықтарын танытты. Кітапхана қызметкерлері кітапхана туралы ақпарат беріп, кітаппен дос болуға шақырды.
Сегодня к нам в гости пришли ребята из летнего лагеря средней школы №50, чтобы познакомиться с нашими друзьями-книгами. Ребятам рассказали о правилах поведения в библиотеке, как стать нашим читателем, как правильно пользоваться книгами. Для мальчишек и девчонок были представлены книги-новинки, детские журналы, и другие интересные, занимательные книги нашей библиотеки.