«Болашаққа бет алды білімді ұрпақ» белсенді жастармен кездесу кеші өткізілді.
Шараға журналист, «AQTÓBE» телеарнасындағы «Бестің шайы», «Ақтөбе tour» жобаларының жүргізушісі Мира Ерланқызы, Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, жеті шекті гитараның сиқырлы тілін шебер меңгерген Ернар Ерланұлы, «Book.pay.@it» жобасының тұрақты қатысушысы, белсенді оқырманымыз Шаймерден Нартайлы қатысты.
Оқырмандардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру мақсатында «Көші түзу кемел елдің жастары» атты кітап көрмесі мен ойындар ұйымдастырылды.