Бізге келіп түскен жаңа кітаптар топтамасы📚
Қазақстан Жазушылар одағының "Әдеби өлкетануды дамыту" жобасы аясында белгілі қаламгерлер Еліміздің әр өңіріне барып, сол өлкенің тыныс-тіршілігімен танысып, тарихы мен тағылымын, өнері мен мәдениетін, аңызға айналған тұлғалары мен киелі жерлерін өлең тілімен немесе қарасөз түрінде хатқа түсірген. Сол сапарларда өңір туралы жазылған шығармалар осы кітапқа топтастырылған.
Өлкетану тақырыбын байытатын Ұлы даланың шежіресі іспетті әдеби-танымдық шығармалардың бүгінгі замандастарымызға һәм келер ұрпаққа да берері мол.