Skip to content

Балалық көңілдің пернесін дөп басқан балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың…

Балалық көңілдің пернесін дөп басқан балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына бүгін-100 жыл.

Шоқтығы биік қаламгер балалар мен жасөспірімдерге арналған 20 дан астам әңгіме, повесть, роман жазды. Жазушының 1957 жылы жарыққа шыққан “Менің атым Қожа” повесі балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, өзбек, украин, француз, литва, латыш тілдеріне аударылған.

Халқының жүрегінен ойып тұрып орын алған, керемет шығармалары мен келістіріп суреттеген кейіпкерлерімен бірге жасасып келе жатқан тұғыры мықты тұлғаның шығармашылығымен өз оқырмандары қауышатын жыл биыл.

“Бір ел-бір кітап” акциясы аясында 2024 жылы таңдалған көрнекті қазақ жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын бірге оқиық оқырман!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *