Skip to content

Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығымен бірлесе Зеңбірек ескерткіш-белгісінің жанында Ақтөбе…

Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығымен бірлесе Зеңбірек ескерткіш-белгісінің жанында Ақтөбе қаласының 155 жыл толуына арналған «Абыз дала, аңыз дала – Ақтөбе» әдеби-сазды кеші ұйымдастырылды.

Шара қонағы Қазақстанның Құрметті азаматы, Мәдениет саласының үздігі, Жазушылар одағының мүшесі, ақын, сазгер Гүлсамал Төрединқызы Аймаханова күн сайын өсіп өркендеп келе жатқан құтты мекен Ақтөбе қаласының жылдар белесіндегі сан қырлы өзгерістерін мақтанышпен айтып, мерекемен құттықтады.

"Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы" өнерпаздары мен «Қазанғап атындағы өнер мектебінің, М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының, Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының, № 48 мектептің жыр сүйер оқырмандары «Ару қалам Ақтөбем» атты әдеби-сазды бағдарлама ұсынды.

Қатысушылар назарына «Өсе бер, өркендей бер, құтты мекен- Ақтөбе» атты кітап көрмесі ұсынылып, жергілікті ақын-жазушылардың шығармалары насихатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *