Skip to content

Балалар кітап апталығы аясында Сансызбай Сарғасқаевтың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында…

Балалар кітап апталығы аясында Сансызбай Сарғасқаевтың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында «Тәмпіш қара» повесіне әдеби талдау жүргізді. жазушы мен оның шығармашылығы туралы ақпарат беріп, шығарма желісі бойынша әдеби талдау жасау мақсатында өткізілген шараға М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының 5 класс оқушылары қатысты.
Шара барысында оқырмандар «Тыңдайтын үшбұрыштар» ойыны арқылы повестегі кейіпкерлер, оқиға желісі туралы баяндады. Сергіту сәтінде берілген «Түртіп алу», «Асық» ойындары оқырмандарға шығармаға қатысты ақпараттарды жадында ұстауға бағытталды. Қорытынды бөлімде оқырмандар шығарманың композициялық құрылымын жарыса талдап, өз ойларын ортаға салды.
«Ұлтын сүйген ұлы адам» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *