Skip to content

Балалар кітабы апталығының екінші күні құстар әлеміне арналды. «Ақсұңқар –…

Балалар кітабы апталығының екінші күні құстар әлеміне арналды. «Ақсұңқар – құстың төресі» эко-ойынына «Жасыл әлем» экологиялық клубының мүшелері, №52 негізгі орта мектебтің 4-5 сынып оқушылары қатысты.
Байғаниндік саятшы, құсбегі Нысанбек Атабергенұлы Қартбаев өзінің серігі болып келген үйретілген құс патшасы бүркітімен бірге шараға қатысып, қазақтың сан ғасырдан бері жалғасып келе жатқан дала дәстүрлерінің бірі саятшылық пен құсбегілікке келгені және бүркітті қалай баптау керектігі жайында өз ойымен бөлісті.
Қалалық жас туристер стансасының әдіскері Гадильшина Кәмшат Сүлейменқызы оқырмандарға ақсұңқар туралы тың ақпараттар берді.
Сергіту сәтінде балалар «Мақал – сөздің мәйегі» мақалдың жалғасын тауып, қыран құстардың пазлдарын жинады.
Оқырмандар назарына «Құстар – табиғаттың көркі» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *