Балалар кітабы апталығы аясында Мұзафар Әлімбаевтың 100 жыл толуына орай онлайн-оқулары ұйымдастырылып, «Ертеңгі істі бүгін ойлап, бейімде, Бүгінгінді ысырма тек кейінге» тақырыбында мерекелік кешпен қорытындыланды.
Онлайн-оқуларына кітапхананың белсенді оқырмандары №73 Мұқағали Мақатаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп, №2 жалпы орта мектеп-гимназия, №68 Ж.Тәшенов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп, №8 орта мектеп, Мұхтар Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі және Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің оқушылары қатысты.
Балалар «Мұзафар Әлімбаев және балалар әдебиеті» атты кітап көрмесі арқылы шығармашылығымен танысып, әдеби ойындарында белсенділік танытты. Ақынның «Көктем келді», «Қолшатыр», «Көктем», «Қоңырау сағат», «Қара бұлт», «Бір аптада», «Анам Зейнепке» өлеңдерін оқыды.
@68mektep