🔶 «Балалар бастауы – 2023» облыстық шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапатталды!
🔸️Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған байқауға 203 шығармашылық жұмыстар келіп түскен.
🔸️Шығармашылық жұмыстарды саралаауға Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Назимат Бекқазықызы, ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Гүлімай Әбішқызы, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Зияш Телеуова және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Ұлы дала прозасы» номинациясының жеңімпазы Әлихан Жақсылық қазылық етті.
🔸️Байқаудың негізгі міндеті – балалардың «Үздік Ертегі», «Үздік Проза», «Үздік Поэзия», «Үздік Фантастика» жанрлары бойынша шағын ертегі, өлең, әңгімелер жазуы арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру.
🔸️4 бағыт бойынша бақ сынаған байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды.
🔸️ «Балалар бастауы» шығармашылық байқауы жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасатынын атап айтқымыз келеді.
Жазыңыз да жүлделі болыңыз!
@gulimaiakyn @alikhan_kemer