"БАЛА ҚИЯЛ – БОЛАШАҚ ҚАНАТЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ҚОРТЫНДЫЛАНДЫ.
Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 10-15 жас аралығындағы оқырмандардан 4 номинация бойынша 142 жұмыс келіп түсті: «Үздік ертегі» – 57, «Үздік поэзия» – 33, «Үздік проза» – 22, «Үздік фантастика»- 30.Байқау үшінші рет өткізіліп отыр. Қатысушылардың жұмыстарын кәсіби қазылар алқасы бағалап, ең үздік туындылар анықталды. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дипломдар, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Салтанатты жиында ұйымдастырушылар балалардың шығармашылығын қолдау – олардың болашаққа деген сенімін арттыратынын атап өтті. Бұл байқау жас буынның жүрегіне үміт ұялатып, ой-қиялдарын дамытатын шабыт алаңы. Байқаудың әрбір қатысушысы өз еңбегімен болашаққа жол салып, шығармашылықтың шексіз мүмкіндігін өздеріне дәлелдей алды деп сенеміз.
«Әр баланың қиялы – ел ертеңінің бастауы. Осындай байқаулар арқылы біз олардың арманын қанаттандырып, болашаққа жол ашамыз», – деді шараны ұйымдастырушы мекеме басшысы Эльмира Сағындыққызы.










