Skip to content

Б.Момышұлы атындағы № 62 жалпы білім беретін орта мектебінде саяси…

Б.Момышұлы атындағы № 62 жалпы білім беретін орта мектебінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған «Нәубет жылдардың ызғары» атты тағзым кеші өтті.
Өткенді ескермей болашақты құру мүмкін емес. Сондықтан 1927-1953 жылдардағы ақтаңдақтар ақиқатын оқырман назарына ұсына отырып, зобалаң жылдарды бүгінгі ұрпақтың санасына ұялату мақсатында өткізілген тағзым кешінде өз елінің өркендеуі жолында құрбан болған арыстарымыздың және жерлесіміз Ұзақбай Құлымбетовтың өмірлеріне терең тоқталынып, зұлмат жылдардың жаңғырығы мен ұлт басына түскен аштық туралы терең мәлімет берілді. Белсенді оқырмандар Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Алаш ұраны» өлеңін оқыды.
Оқырман назарына «Алаш тағылымы-Тәуелсіздік негізі» кітап көрмесі ұсынылып, библиографиялық шолу жасалды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *