«Ауыл аманаты» жобасының нәтижесінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер ететін бірқатар көрсеткіштерге қол жеткізілді. Құс етімен қамтамасыз ету 5,6 пайызға, көкөніспен қамтамасыз ету 5,4 пайызға, картоппен қамтамасыз ету 4 пайызға артты. Сонымен қатар, облыс халқының орташа табысы 11 пайызға жоғарылады. Жоба аясында 1 621 жаңа кәсіп тіркеліп, 1 463 тұрақты жұмысы жоқ адам несие алды. Әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарды қолдау мақсатында 41 атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы жобамен қамтылды. Сонымен қатар жоба аясында тауарлық несиелеу тетігі енгізілді. Оның негізгі мақсаты – кепілге қоятын мүлкі жоқ, несиелік міндеттемелері көп, аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау. Бүгінде өңірде 209 шаруашылықтың көмегімен 339 отбасыға 4 804 бас мал берілді. Оның ішінде 1 120 бас сиыр, 720 төл, 3 484 бас қой, 3 484 төл, 194 бас жылқы, 92 төл және 6 бас түйе бар. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында осы жоба аясында «тауарлық несие» беру мәселесін қарастыру қажеттігін атап өтті. Бұл бастама ауыл тұрғындарының мал шаруашылығымен айналысып, өз кәсібін дамытуына мүмкіндік береді.
