Skip to content

Аудандық балалар кітапханалары қызметкерлерінің қатысуымен «Кітапхана – шығармашылық пен жаңашылдық…

Аудандық балалар кітапханалары қызметкерлерінің қатысуымен «Кітапхана – шығармашылық пен жаңашылдық әлемі» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды.

Семинарға "ZOOM" қосымшасымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Ғ.Құдайбергенқызы мен Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының директоры Б.Қуанышқызы қосылып, баяндама оқыды.

Семинарда «Кітап оқуды ілгерілетудегі кітапханалық жобалардың өзектілігі», «Әлеуметтік желі арқылы кітапхана жұмысын ілгерлету», «Мектеп кітапханасы жұмысындағы заманауи әдіс-тәсілдердің тиімділігі» тақырыптары бойынша сұрақтар талқыланып, кітапханашылар іс-тәжірибелермен алмасуға мүмкіндік алды.

Жазушы Тахауи Ахтановтың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Оқы, ақтөбелік өренім!» облыстық оқу марафонының жұмысы қорытындыланды.
@akademiyalik_kitapkhana
@odb_abai
@aqtobe.madeniet
@biblioteka_school_d.konaev

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *