АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ КІТАПХАНА
Оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, бос уақытты пайдалы өткізуге жол ашу және отбасылық мәдениетті қолдау мақсатында ұйымдастырылған табиғат аясындағы шарада балаларға арналған түрлі белсенділіктер ұйымдастырылды:
Еркін кітап оқу аймағы
Жаңа кітаптармен танысу бұрышы
Танымдық ойындар мен викториналар
Балаларға арналған бояу және шығармашылық тапсырмалар
Бұл оқу мәдениетін кеңінен насихаттаудың, отбасылық уақытты пайдалы әрі қызықты өткізудің бір үлгісі. Ашық аспан астында кітаппен тілдесу – рухани серпіліс береді✨
#ашықаспанастындағыкітапхана