Skip to content

«Арман. Жігер. Жетістік» жобасы аясында «Еріктілер ерлігі» атты белсенді жастармен…

«Арман. Жігер. Жетістік» жобасы аясында «Еріктілер ерлігі» атты белсенді жастармен кездесу өтті.

Шараның басты мақсаты – еріктілердің еңбегін бағалау, олардың қоғамға қосқан үлгі боларлық қызметін жастарға насихаттау.

Кездесуге Ақтөбе облыстық Жастар ресурстық орталығының волонтёры, Ақтөбе облыстық Волонтёрлық фронт кеңсесінің спорт бағыты бойынша амбассадоры Кенжебек Абыл Естөреұлы, сондай-ақ «Qolganat» еріктілер ұйымының белсенді волонтёры Тапай Амина қонақ ретінде шақырылды.

Сонымен қатар еріктілер волонтёрлық жолындағы тәжірибелеріне сүйене отырып, кітапханашылар дайындаған жағдаяттық сұрақтарға жауап беріп, тиімді шешімдерімен бөлісті.

Оқырмандар назарына «Жастар — болашаққа апаратын алтын көпір» атты кітап көрмесі ұсынылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *