⚜️“Әлия” логотипі
Биыл Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл. Осы айтулы датаға орай, батырдың құрметіне арнайы мерейтойлық логотип әзірленді.
🔹 Логотипте Әлияның бейнесі, қазақтың ұлттық оюы мен «100 жыл» деген белгі ерекше үйлесім тапқан. Бұл – батырдың рухына деген тағзымның символы, оның есімін ұрпақ жадында мәңгі қалдырудың көрінісі.
Мерейтой аясында Ақтөбеден шығатын барлық өнімдерде осы логотип бейнеленеді. Бұл бастама Әлия Молдағұлова атындағы туған өлкенің ғана емес, барша қазақ елінің батыр қызға деген құрметін көрсетпек.
🔸 Әлияның 100 жылдығы – тек тарихи дата емес, өскелең ұрпаққа рух пен патриотизмнің үлгісі. Оның есімі қазақ даласында ерліктің мәңгілік символы болып қала бермек.
#актобемәдениет