Ақын Сағи Жиенбаев пен жазушы Тобық Жармағамбетовтің туғандарына 90 жыл толуына орай «Биік тұғырдағы талант» атты әдеби жәрмеңке өткізілді.
🔹Қазақ әдебиетінде жарқырап жанған қос таланттың шығармаларын насихаттау мақсатында өткізілген шараға С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімі меңгерушісі Сұлтанбекова Лаура Ерікқызы, №31 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Орынай Бижанқызы Идрисова және №52 негізгі мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аққаным Әлиқызы Кенжешева қатысып қаламгерлердің өмір жолдары, шығармашылықтары туралы терең сөз қозғады.
🔹№31, №52 мектептің жоғарғы класс оқушылары Т.Жармағамбетовтың «Отамалы» шығармасынан түйген өз ойлары мен ондағы кейіпкерлердің іс әрекеттері жайында пікірлерін ортаға салса, «Желкен» әдеби клубының мүшелері С.Жиенбаевтың сырға толы жырларын жатқа оқыды.
🔹Оқырмандар назарына «Биік тұғырдағы талант», «Қазақтың сыршыл ақыны» атты кітап көрмелері ұсынылды.