Ақтөбе облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы (түзету) мектеп-интернатында “Бір ел-бір кітап” акциясы аясында балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай “Балалар әдебиетінің бәйтерегі” тақырыбында танымдық сағат өткізілді.
Балаларға жазушының өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, “Менің атым Қожа” повесін баяндай отырып толық талдау жасады.