QR-кодпен оқы📲
Бердібек Соқпақбаевтың “Жекпе-жек” повесінің қысқаша МАЗМҰНЫ:📚
Повестің бас кейіпкері Мұрат, ауылдық мектептің 5 класс оқушысы. Өз қатарындағы балалар арасындағы өте нәзік, жиі ауырып қалатын. Сондықтан оны анасы көп балалармен ойнауға жібермейтін, дене шынықтыру, спортпен айналысуға рұқсат бермейтін. Оның үстіне бокс үйретуге құштарлық білдірген мұғалімі қабылдамай тастайды. Мұрат намыстанып өз бетімен бокска дайындала бастайды. Мұрат алға қойған мақсатына бірден жетпейді. Оның алдынан талай қиындықтар, кедергілер кездеседі. Бірақ жігерлі талабының, еңбексүйгіштігінің арқасында ол он алты жасында бокстан әлем чемпионы атанады. Повесте Мұраттың образы өте нанымды, шебер суреттелген.
#кітапхана #кітап #балаларкітапханасы #книги #детскиекниги #детскаябиблиотека #книгидлядетей