Skip to content

📚 100 кітап – Ұлттық сауалнама жобасы 📚 ✍️ Ұлтты…

📚 100 кітап – Ұлттық сауалнама жобасы 📚

✍️ Ұлтты рухани жаңғыртатын бастама!

Ұлттық құрылтайдың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «100 кітап» ұлттық сауалнамасы – ел азаматтарының сүйікті кітаптарын анықтап, қоғамдық талғамды, ұлттық құндылықтарды, оқырмандық мәдениетті насихаттауға бағытталған бірегей жоба.

Қазақ қоғамында сұранысқа ие, ел жадында сақталған ең үздік 100 кітапты айқындау;

Оқуға құштар ұлт қалыптастыруға ықпал ету;

Кітап оқу мәдениетін дамыту және кеңінен насихаттау;

Ұлттық әдебиет жауһарларын жаңа буынға таныстыру мақсатында ұйымдастырылған жобаға

🗳️ Сіз де үлес қоса аласыз!

Сауалнамада өзіңіз оқыған, ұнатқан, өзгеге ұсынар едім деген 10 кітапты таңдасаңыз жеткілікті.

🌐 Онлайн қатысу үшін: eGov Mobile  қосымшасын жүктеп, порталға кіріңіз; Басты беттегі «Таңдаулы 100 кітапты бірге анықтайық!» деген батырманы басып, кітап ұсыну бетіне өтіңіз;

Осы бетте өзіңізге ұнайтын 10 үздік шығарманы енгізіп, «Дайын» батырмасын басыңыз.

📖 100 кітап – бұл сенің таңдауың, сенің даусың, сенің болашағың!

#100кітапжобасы
#100кітап

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *