Skip to content

«CAMPIT» жазғы демалыс лагерінінің балаларымен Домбыра күніне арналған «Күй киесі…

«CAMPIT» жазғы демалыс лагерінінің балаларымен Домбыра күніне арналған «Күй киесі қонған күн» атты рух сағатын өткізді. Домбыра – қазақтың қасиетті аспабы, құнды байлығы, таптырмас қазынасы.Қазақ пен домбыра егіз ұғым екені тарихи деректермен дәлелденгені туралы толық ақпарат берілді. Атадан балаға аманат болған осындай асыл қазынамызды қадір тұту – бәріміздің қасиетті борышымыз екені атап өтілді.
Шара барысында оқырмандарымыз «Жасырынған аспап» атты жұмбақтар сайысынан өтіп, «Сәйкесін тап!» атты ойында домбыраның бөліктерін дәл тапты. Ұлттық құндылықтарымызды ардақтау, терең тамырымызға ой салу, рухани жаңғыруымызға үлес қосар оқырмандарымыздың назарына «Күй-дала симфониясы» атты кітап көрмесі ұсынылды

Ко Дню домбры провела мероприятие «Күй киесі қонған күн» в детском летнем лагере отдыха «CAMPIT». Домбра – священный инструмент казахского народа, ценное достояние и незаменимое сокровище. Читателям была представлена подробная информация об исторических свидетельствах того, что казахи и домбра – понятия-близнецы. Было отмечено, что беречь домбру, передающуюся от поколения к поколению – священный долг каждого из нас.
В ходе мероприятия ребята показали хорошие знания в конкурсе загадок «Угадай музыкальный инструмент» и правильно определили части домбры в игре «Соотнесите!». Вниманию читателей была представлена книжная выставка «Күй-дала симфониясы».

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *