Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. "Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", – деген еді Ғабит Мүсірепов. Бүгін біздің әріптестеріміз "ҚАЙЫРЛЫ ТАҢ, АҚТӨБЕ!" бағдарламасына барып,"Кітап – дәуір айнасы" атты тақырыпта сұхбаттасып қайтты.
