2021 жылғы 12 қазанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Zoom платформасында «Рухани келісім–жарқын өмір кепілі» кездесу кешін өткізді. Шараның басты мақсаты еліміздегі рухани келісімнің маңыздылығын ұғыну.
Тұрақтылықтың іргетасы – Рухани келісім күні орай өткізілген шараға «Бақытжан»
мешітінің имамы Айбек Аманқосұлы Қабиев қатысып, ұлттық құндылық, татулықты ту еткен бірлік пен ынтымақ, ұлтаралық қатынас жайлы сөз қозғап, еліміздегі саяси тұрақтылық дінаралық келісімнің арқасында екенін жеткізді. Қазақстанда тұрып жатқан басқа да дін өкілдеріне құрметпен қарап, жақсы қарым-қатынаста болуға шақырып, оқырмандарымызға ақыл-кеңес берді.
Оқырмандар назарына «Қазақстан – татулық пен достықтың киелі бесігі» кітап көрмесі ұсынылды.
12 октября 2021 года областная детская библиотека имени Н.Байганина с помощью платформы ZOOM вечер-встречу «Рухани келісім-жарқын өмір кепілі», посвященную Дню духовного согласия.
Гость мероприятия имам мечети «Бакытжан» Айбек Амангосович Кабиев рассказал юным слушателям, что стремление к миру, согласию и справедливости составляет основу духовной культуры нашего народа, о роли традиционных религий в противодействии экстремизму и терроризму.
Вниманию читателей была представлена книжная выставка «Қазақстан – татулық пен достықтың киелі бесігі».