Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының директоры Сұлушаш Хакимова Батыс-Қазақстан облысы, Орал қаласында өтіп жатқан Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 150 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан: әлеуметтік және мәдени кеңістіктегі кітапханалардың орны» атты халықаралық конференцияға қатысты.
Шара Ұлттық Академиялық кітапханасының басшысы Үмітхан Мұңалбаеваның, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кітапханасының басшысы Бақытжамал Оспанованың қатысуымен өтіп, «Қазақстан Республикасының кітапханалық саясаты: келешегі мен басымды бағыттары» бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
