2022 жылғы 2 наурыз күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы ақын Сәбит Баймолдиннің туғанына 80 жыл толуына арналған «Шындықты қанат етіп қаламына» жыр кешін өткізді. Кітапхана оқырмандары ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ақын Ертай Ахатұлы Ашықбаевтың және ақынның қызы Лаззат Баймолдинаның әңгімелері арқылы ақынның шыншылдыққа, азаматшылдыққа үндейтін шығармашылығымен, оқырманды ойлылығымен, шынайылығымен баурайтынын өлеңдерімен тереңірек танысты.
«Zoom» платформасы арқылы ақынның Алматы қаласында тұратын жары және балалары, ақын, филология ғылымдарының докторы Бауыржан Жақып оқырмандармен сұхбаттасып, ақынның өмірі туралы естеліктерімен бөлісті.
«Желкен» әдеби клубының мүшелері «Ақынның өлмес бақыты – өлең!» әдеби монтажын ұсынды.
«Өмірім… Өрнектелсін өлеңіммен» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді.
Шараға «Желкен» әдеби клубының мүшелері, №31, №65, №2, №42 №22,№75 мектептерінің жоғарғы класс оқушылары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.
2 марта 2022 года в областной детской библиотеке имени Нурпеиса Байганина прошел вечер поэзии «Шындықты қанат етіп қаламына», посвященный 80-летию со дня рождения поэта Сабита Баймолдина.
Гость мероприятия – поэт, член союза Писателей Казахстана Ертай Ахатулы Ашыкбаев и дочь поэта Лаззат Баймолдина рассказали читателям библиотеки о творчестве С.Баймолдина, о его произведениях, призывающих к справедливости и патриотизму.
С помощью платформы ZOOM, супруга и дети поэта, проживающие в городе Алматы, поэт, доктор филологических нак Бауыржан Жакып имели возможность пообщаться с читателями, рассказать об интересных фактах из жизни Сабита Баймолдина.
Члены литературного клуба «Желкен» представили литературный монтаж «Ақынның өлмес бақыты – өлең».
Для участников мероприятия был проведен обзор книжной выставки «Өмірім… Өрнектелсін өлеңіммен».
В мероприятии участвовали члены литературного клуба «Желкен», учащиеся старших классов школ № 65, №31, №22, №2, №42, №75