Skip to content

2022 жылғы 14 наурыз күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы…

2022 жылғы 14 наурыз күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Наурыз — мәңгілік ел салтанаты» атты мерекелік шара өткізді. Шараның құрметті қонақтары қазанғаптанушы, күйші, «Ерен еңбегі» үшін медалінің иегері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жайлау Асылханов, ҚР Мәдениет, өнер және ақпарат саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Ақтөбе филиалының төрайымы Назира Табылдинова, облыстық планетарий директоры Қорлан Бөлеков, Мәдениет саласының үздігі, «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері Алмагүл Сарыбай және өлкетануға елеулі үлес қосып, ұлттық тәрбиені насихаттап жүрген №31орта мектебінің мұғалімі Орынгүл Идрисова қатысып, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардың маңызы мен мәнін ашып, тарих қойнауында қалған ескірген дәстүрлер жайлы тағылымды әңгімелерін айтып, Амал күнімен құттықтап, ақ баталарын беріп, өскелең ұрпақты халық өнегесін қадірлеп, сақтауға шақырды. Шарада көне дәстүрлеріміздің бірі, жастарға арналған ақыл, өнеге, өсиет, тағылымды сөздерге толы – «Аушадияр» дәстүрі жаңғырып, мерекелік сазды бағдарлама және «Әз Наурыз, елге нұр жауғыз» кітап көрмесі ұсынылды.

14 марта 2022 года областная детская библиотека имени Н.Байганина провела праздничное мероприятие «Наурыз – мәңгілік ел салтанаты», посвященное Наурыз Мейрамы.
Почетные гости мероприятия – исследователь наследия Казангапа, известный кюйши, отличник культуры, обладатель медали «Ерен еңбегі үшін» Жайлау Асылханов, председатель областного филиала ОО«Казахстанский отраслевой профсоюз работников культуры, спорта, туризма и информации» Назира Табылдинова, директор областного планетария Корлан Болеков, отличник культуры, обладатель нагрудного знака «Еңбек даңқы» Алмагуль Сарыбай, учитель средней школы №31, внесшая значительный вклад в дело национального воспитания школьников, Орыгуль Идрисова – рассказали учащимся о праздновании Наурыза на территории Казахстана, о его сакральном смысле и значении для казахского народа.
На мероприятии был представлен процесс старинного национального обряда «Аушадияр», праздничная музыкальная программа и обзор книжной выставки «Әз Наурыз, елге нұр жауғыз».

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *